Қазақстандағы ең биік таулы көпірдің құрылысы аяқталуда

Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары автожолында Қазақстандағы ең биік таулы көпірдің құрылысы мәресіне тақады. Ұзындығы 175 метр болатын бұл құрылыс Пихтовка өзені арқылы 45 метр биіктікте, күрделі таулы аймақта бой көтерді.

Көпірдің негізгі конструкциясы толығымен дайын, қазіргі уақытта асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың бұл жауапты кезеңі технологиялық талаптарға сай, ауа райының қолайлы жағдайында (+10 °C-тан төмен емес) атқарылып жатыр.

Құрылыс сапасын және материалдардың талапқа сәйкестігін Жол активтері ұлттық сапа орталығының Шығыс Қазақстан филиалы жіті бақылауда ұстап отыр.

Пихтовка өзені арқылы өтетін жаңа көпір Катонқарағай ауданы мен «Рахман қайнарлары» шипажайына апаратын бағыттағы маңызды инфрақұрылымдық нысанға айналып, туристер үшін қауіпсіз әрі жайлы жол қалыптастырады.

Дереккөз: Altainews.kz

Фото:"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ ШҚО филиалы

24/09/2026 13
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.