6-8 қараша аралығында Өскеменде сарапшылардың, мәдениет қайраткерлерінің, кәсіпкерлер мен туризм саласы өкілдерінің басын қосқан «Халықаралық Еуразиялық Арт-Платформа» (МЕАП) екінші ашық креативті форумы өтті.
Форум салтанатты бағдарламамен және инклюзия мен жасанды интеллект мәселелерінен бастап туризм мен кәсіпкерлікті дамытуға дейінгі бірыңғай креативті кеңістікті қалыптастыруға арналған панельдік сессиялармен ашылды. Сонымен қатар, осы күні ақындар, жазушылар, суретшілер мен композиторлардың шығармашылық бірлестігі — Халықаралық авторлық клубтың жыл сайынғы МАК-FEST фестивалі өтті.


7 қарашада МЕАП жәрмеңкесі мен іскерлік бағдарлама ұйымдастырылды. Форум алаңында қолөнершілер мен суретшілер жұмыс істеп, кітап жәрмеңкесі, сондай-ақ туристік көрме өтті. Көрмеге Васильеводағы тастақ үй (таежный дом), Medovaya Marka бал қайнату орны және DriveJeepKz туркомпаниясы қатысты.
Көрме аясында ШҚО Туристік ақпараттық орталығы өңірдің туристік әлеуеті туралы материалдарды ұсынды. Орталық мамандары келушілерге Шығыс Қазақстандағы демалыс мәселелері бойынша кеңес беріп, ресми жолнұсқаулықтарды, ақпараттық кітапшалар мен ШҚО карталарын таратты.
Осы күні, сонымен қатар, туризм, тарихи өлкетану, инклюзия және ЖИ бойынша кейстердің таныстырылымы, сондай-ақ саяхатшы әрі блогер Александр Цойдың авторлық семинары өтті.

Форумның қорытынды күні, 8 қарашада балаларға арналған спектакльдер, жазушы Борис Васильевич Щербаковпен кездесу және «Алтай — біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылған «Мәдениет сенім мен ынтымақтастық кеңістігі ретінде» атты халықаралық дөңгелек стол өтті. Бағдарлама форумды қорытындылаумен және жабылу салтанатымен аяқталды.

