Шығыс Қазақстанның туризм саласы қарқынды дамып келеді: 2026 жылдың басынан бері өңірге 300 мыңнан астам саяхатшы келсе, салаға тартылған инвестиция көлемі шамамен 12 млрд теңгені құрады. Өңірдің табиғи байлығын заманауи туристік капиталға қалай айналдырып жатқаны туралы «24KZ» телеарнасының репортажында айтылды.

Жыл бойғы демалыс және туристер ағыны
Климаттық ерекшеліктер мен ландшафттардың алуан түрлілігінің арқасында ШҚО жылдың кез келген мезгілінде қонақтарды қабылдайды. Жазғы маусымды қысқы демалыс алмастырды: қазан айынан бастап Глубокое ауданы мен Риддердің тау-шаңғы курорттарында сырғанау маусымы ашылды. Саяхатшыларға ең тиімді бағытты таңдауға ШҚО Туристік ақпараттық орталығы көмектесуде — қаңтар айынан бері орталық мамандары 5 мыңнан астам адамға Шығыс Қазақстан бойынша демаласын ұйымдастыруға көмек көрсетті.
Бірегей ауыл туризмі
Туристер арасында шалғай аудандардағы этно- және экотуризмге деген қызығушылық жоғары. Биыл Шығыс Қазақстанның бірден екі ауылы — Коробиха мен Берел еліміздің ең үздік 5 туристік ауылының қатарына енді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы (2,5% жеңілдетілген несие) аясындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл кәсіпкерлері қонақ үйлер, кемпингтер мен жол бойындағы дәмханаларды белсенді түрде ашуда. Тек 2026 жылдың өзінде «Ертіс» ӘКК арқылы туризм саласындағы 24 жоба қаржыландырылды, ал бағдарлама жүзеге асырылған үш жыл ішінде ауылдық жерлерде жүзге жуық жаңа нысан ашылды.

Ірі жобалар мен қолжетімді логистика
Шағын бизнеспен қатар өңірге ірі инвесторлар да келуде:
Өскемен және Риддер қалаларында жаңа қонақ үй кешендері пайдалануға берілді.
Келесі жылы Катонқарағай ауданында ірі велнес-қонақ үйлердің құрылысын бастау жоспарлануда.
Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы жаңартылуда — биылғы маусымда жол жөндеуге 53 млрд теңге бағытталды. Автотуристер үшін басты жаңалықтар:
Рахман қайнарларына дейінгі асфальт жол — әйгілі шипажайға алғаш рет тегіс асфальт жолмен жайлы жетуге болады.
Осинов асуын айналып өтетін жаңа көпір — еліміздегі ең биік көпір Катонқарағай ауданына баратын жолды әлдеқайда жылдам әрі қауіпсіз етті.
«24KZ» телеарнасының материалдары бойынша. Сюжетті көру