«Рахман қайнарлары» шипажайы мен Мұзтауды жаңа бағыт байланыстырады

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде аңызға айналған Мұзтау шыңының етегіне апаратын «Алтай соқпақтарымен» атты жаңа ғылыми-танымдық туристік бағыт ашылды. Жаңа маршруттың бастау нүктесі «Рахман қайнарлары» ауылының маңында орналасқан.

Баламалы жол «Рахман қайнарларынан» басталып, Сәрсембай шатқалы арқылы өтіп, әрі қарай тікелей шыңның етегіне алып барады.

Бұл бағыттың құрылуы ең қысқа әрі танымал «Ақ Берел» жолының өтуге қиындығына байланысты болып отыр. Мұзтауға апаратын бұрынғы жол Ресей Федерациясымен шекаралас аймаққа өтетіндіктен, саяхатшыларға Қазақстан жағындағы батпақты әрі өтуі қиын жерлерді айналып өтуге тура келетін. Жаңа бағыт Мұзтауға жасалатын жорықты туристер үшін әлдеқайда қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: kz.kursiv.media

23/09/2026 10
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.