Дубығалы көлі (Окуньки)

Шығыс Қазақстанның асыл маржандарының бірі — халық арасында «Окуньки» деп те аталып кеткен Дубығалы көлі. Бұл өңір — Өскемен мен Семей тұрғындарының бұрыннан келе жатқан сүйікті демалыс орны. Сондай-ақ мұнда алабұға, мөңке, шортанмен қатар «алтын балық» атанған оңғақты аулауға келетін балықшылар қауымы да өте көп. Көл Өскемен мен Семей қалаларының орта жолында, Ұлан ауданының Гагарино ауылына жақын орналасқан. Көлге бұрыннан берекелі атауын берген — оның жағасында бой көтерген Дубығалы тауы (749 м). Дубығалы көлі өзінің жұмсақ суымен танымал. Жұпар иісті жусан аңқыған жазғы кеште суға шомылғанда, оның мамық суы жанға ерекше рахат сыйлап, сабасына түсіреді.

Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.